Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент гарнизонының сарбаздары әскери ант қабылдайды
    Айғақ MEDIA

    Шымкент гарнизонының сарбаздары әскери ант қабылдайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.11.20201 213 Views

     

    Күзгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қатарын толықтырған Нұр-сұлтан қаласы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан жас буын өз өміріндегі ең маңызды әскери  рәсімге  – әскери ант қабылдауға дайындалуда, — деп хабарлайды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

    Осы күзде Шымкенттің әскери бөлімін 90-нан астам әскерге шақырылушы толықтырды. Бөлімге келгеннен кейін шақырылушылар ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға тест тапсырды және 2 апталық карантинде болды. Қазір олар жас жауынгердің курсынан өтуде.

    Жас жауынгердің курсы барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бөлім басшылығымен және әскери бөлімнің тарихымен танысып үлгерді. Енді олар жалпыәскери дайындықтың негізгі пәндерін оқуда, саптық, физикалық, әскери-медициналық даярлықты, жалпыәскери жарғылар мен әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздерін үйренуде.

    Жас буын санаулы күндерден кейін Отан алдында ант қабылдайды. Қабылдаған антына сарбаздар тек қызмет кезінде ғана емес, сонымен бірге қызмет аяқталғаннан кейін де адал болуы керек.

    Жеке құрам өз командирлерінің басшылығымен саптық алаңға шығудан бастап, әскери ант беру рәсімінің барлық кезеңдерін жоспарлы түрде пысықтап және оны біртіндеп мінсіз күйге жеткізе отырып, салтанатты шеруімен аяқтауы керек.

    «Отанға адал болуға ант берген күн, өмірде бір рет ғана болады! Біз барлығымыз өз іс-әрекетімізді және командирлеріміздің пәрмендерін нақты және сенімді орындауға тырысамыз. Әскери анттың мәтінінде үлкен емес, бірақ оның терең мағынасы бар. Біз тек мерзімді қызмет өткеру уақытында ғана емес, оны аяқтағаннан кейін де өз антымызға адал болуымыз керек, өйткені біздің анттың әрбір сөзінде біздің әкелеріміз бен арғы аталарымыздың барлық игі уәждерін қамтыған терең әрі ізгі мағына жатыр», — дейді осы күзде Қызылорда облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Елнар Нұрланов.

    Әскерге шақырылушылардың салтанатты ант қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 22 қарашасына жоспарланған.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.