Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында волонтерлардың слеті өтті
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында волонтерлардың слеті өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.11.2020357 Views

    Еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының белсенді жастары қатысты. Жоба мақсаты — волонтерлік қызметке қатысуға жастардың ынтасын арттыру және «Волонтер жылының» 7 жалпыұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар мен жобаларды талқылау. Арнайы семинар-тренинг форматында өткен жиынға ҚР психологиялық ассоциациясының мүшесі, психолог-тренер Назира Кенжебеккызы тәлімгерлік етті.

    Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша, биылғы «Волонтерлар жылында» оларға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар қарастырылып отыр. «Мұндай семинар-тренингтер еріктілердің біліктілігін арттырады. Сонымен қатар, облысымыздың волонтерлары осы уақытқа дейін де аталған қызметтің 7 бағытын дамытуға белсенді қатысып жүр. Алдағы уақытта да олардың белсенділігі мен құлшыныстары төмендемейді деп сенемін» -, дейді орталық басшысы.
    Жастар басқосуында волонтер ұғымына жалпы түсінік беріліп, олардың қоғамдағы орны мен маңызы талқыланды. Психологиялық ойындар ойнатылып, жастар өзара тәжірибе алмасты. Теориялық және практикалық сабақтарды қамтыған семинар өңірдің бірнеше аймағында жалғасын тапты.
    «Мұндай ойындар арқылы волонтерлардың түрлі жағдайлар кезінде шешім қабылдауына, өз ойларын ашық айту мен мақсаттарын айқын анықтауға көмегін тигізеді. Төрт күнге созылған семинар кезінде 16 аудан-қаланың жастарымен кездестім. Олардың белсенділіктері мені тәнті етті», — деді Назира Кенжебеккызы.
    Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.