• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

09.11.2020
0

Түркістан өңірінде электронды коммерция қарқын алды. Пандемия кезінде әсіресе мал саудасының онлайн түрі дамыған Түркістан облысында тұрғындар жаңа платформаны игеруде. Атап айтсақ, Бәйдібек ауданының шаруалары үйден шықпай-ақ, малын өткізіп, нәпақасын тауып отыр. Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жас кәсіпкерлермен кездесіп, ата кәсіпті нәсіпке айналдырған азаматтардың батыл бастамаларын қолдады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.


«Креативті ойлап, заман ағымына қарай батыл қадам баса білген өте дұрыс. Кез — келген кәсіптің қыр — сырын меңгерген адам қатарынан озады. Мал шаруашылығын дамытып жүрген өздеріңіздей жастардың барын естіп, арнайы келдім. Білген кісіге мал асырау әрі жұмыс, әрі пайда көзі. Карантин кезінде кәсіптің көзін тауып, электронды коммерцияға көшкен бетбұрыстарыңыз үлгі болар іс»,-деді Өмірзақ Естайұлы ауыл жастарымен кездесу барысында.
Жаңа буын өкілдері Ақбастау елді мекеніндегі «Ernur корпорациясы» жеке серіктестігінің кешенді шаруашылығында бас қосты. Олардың барлығы егін және мал шаруашылығын мықтап қолға алған. Өз техникасы мен 4 мың га дейін шаруа қожалықтарына иелік етеді.


Осы шаруамен түбегейлі айналысатын ауыл тұрғыны Алмаз Алтайұлы асыл тұқымды ірі мал санын арттыруды қолға алған. Карантинді кедергі көрмеген азамат онлайн тапсырыс беру арқылы таулы Алтайдан калмықтың асыл тұқымды 121 сиырын сатып алған. Әлеуметтік желінің көмегімен шетелден төрт түлікті тапсырыспен алдырған азамат осылайша артық шығыннан арылғанын айтады.
Ауданда төрт түлікті онлайн түрде саудалау ісі қарқын алған. Коронавирус індетіне байланысты мал базаларының жабылуы бөгет болмаған бәйдібектіктер ел арасында жиі пайдаланатын мессенджерлерде сауда жүретін чаттар ашқан. Онлайн базарда жылқы, сиыр, қой, ешкі және үй құсының түр-түрін, тіпті экзотикалық тауыс құсына (павлин) дейін сатып алуға болады.
Аудан жастары төрт түлікті саудалауға арналған сайт құрастыруға кіріспек. Әзірге мал сатып алу-сату үшін 7000-ға жуық тұрғын «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлері арқылы «Берекелі Бәйдібек» «Бәйдібек Мал Базары» чатына тіркеліп, пайдалану тиімділігін түсінген.
«Карантин кезінде ауылдағы жас кәсіпкерлер ортақ чат ашып, сауданы жалғастырдық. Өте ыңғайлы. Әр демалыс сайын халық малын жетектеп, мал базарына ағылалы. Онда орын үшін қаржы шығындайды. Күні бойы тұрып, малы өтсе өтті, өтпесе қайта жетектеп үйіне қайтады. Сондықтан бәріне ортақ мәселені осылай шештік. Алда арнайы сайт ашып, Бәйдібек ауданының мал шаруашылығын әрі қарай дамытуды көздейміз», — дейді шаруа қожалығының басшысы Абылай Қайратұлы.
Ауылшаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек, осы жылдың 9 айында өңірде мал басы шамамен 5-7 ал, ет өндіру 2,2 пайызға артқан.

Ғаламтордағы саудасы негізінен maltabu.kz, malsatu kz, malbazar kz, және whatsApp, Telegram желілері арқылы қызады. Сонымен қатар, мал тұқымын асылдандыру үшін шетелден мал әкелу мәселесі де тоқтамапты. Карантиге қарамай биылдыққа сырттан 3000-ға жуық ірі қара сатып алынған. Одан бөлек түйе шаруашылығын дамыту үшін 1305 бас ойсыл қара тұқымы алынған. Жүйелі жұмыстардың арқасында өңірде мал бағасын бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік туған.
Нәтижесінде мал баққан шаруалар да шығынға батпай, өңірде төрт түлік өнімінің негізсіз қымбаттауына жол берілмеген. Қазір өңірде өндірілген ет өнімдері ел аумағымен қатар, көрші Өзбекстан Республикасына саудалануда.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.