ТАЗА ҚАЛА — ОРТАҚ МІНДЕТ
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараның басты ерекшелігі тазалау жұмыстарымен шектелмей саябақтың табиғи...
«Серік» шаруа қожалығының егіс алқабында бас қосқан аудан, ауылдық әкімдері, агроқұрылымдар мен ғалымдар «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – жобасын дамыту» бойынша кеңесті. Облыстың табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып қолға алынған жұмыс нәтижесінде биыл 128 ауыл округінен 5,2 мың га алқапта 1999 шаруа қожалығы бірінші, екінші және үшінші өнімнен 220 мың тн-ға жуық өнім жинады. 1-га-дан орташа 5 млн. теңгеден табыс тапты. Республикада 214 мың шаруа қожалық болса, 71 мың агроқұрылым бізде тіркелген, яғни 33% құрап отыр. Олардың 65% ұсақ, майда шаруа қожалықтар.
«Бұл жобаның келешегі биік, маңызы зор, нағыз Түркістан облысына арналған жоба екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылық саласын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі. Әр аудан табиғи жағдайға байланысты жұмыс істеуі тиіс. Тиімді де үнемді жаңа технологияларды қолдану арқылы, өнімді арттыру керек. Жаңбырлатып суару технологиясының тиімділігін түсініп, Түркістан төңірегінде, Арыс өңірінде, басқа да аудандар қолданып жатыр. Жалпы жаңа технологияны 11 мың гектар жерге ұлғайту көзделген», – деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.
Жиында әртараптандырудың бәсекелестіктің басты шарты екені жайлы айтылды. Семинарда сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымы Қалымбетов Бердияр саланы дамытудың үш бағытын ұсынды. Әртараптандыру арқылы жоспарлауды үйреніп, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, кооператтивке бірігудің пайдасы жайлы баяндады.
Жиында әртараптандырудың бәсекелестіктің басты шарты екені жайлы айтылды. Семинарда сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымы Қалымбетов Бердияр саланы дамытудың үш бағытын ұсынды. Әртараптандыру арқылы жоспарлауды үйреніп, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, кооператтивке бірігудің пайдасы жайлы баяндады.
«Әртараптандыру арқылы қай қожалықта қандай өнім өсетінін, олардың егу кезеңін жоспарлау қажет. Облыста шаруашылықтардың көбісі шағын шаруашылықтар. Оларды ірілендіру керек. Жеке-жеке шаруашылықтар технологияны сатып ала алмайды. Кооперативтерге бірігудің негізгі қызығушылығы, стимулы МТС яғни, машина технологиясы станциясы құрылса. Ол 5-6 трактордан, технология, сервистік қызметтерден тұрады», –деді М. Әуезов атындағы ОҚУ, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Б.Қалымбетов.


Облыс әкімі Келес ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Біртілек ауылдық округіндегі «Нұржан» шаруақожалығында болды. Диқандар озық технологияны қолдана отырып тұрғындарды көкөніс және түрлі көшеттермен қамтамасыз ету жұмысын жолға қойған. Аумағы 11 га жылыжай аумағында тамшылатып суару әдісімен қызанақ, қияр егіп, егінді нәрлендіреді. Өндірілген өнімді Елордамыз Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және солтүстік облыстарға жөнелтіп отыр.Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараның басты ерекшелігі тазалау жұмыстарымен шектелмей саябақтың табиғи...
Елімізде қыркүйек айы цифрлық қауіпсіздік айы болып жарияланған. Осыған орай Шымкентте кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында форум өтті. Жиында еңбек...
Шымкенттегі №79 мектепте өткен сабақтың мәні де, мазмұны да бөлек болды. «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттың рухани қазынасы» атты іс-шара аясында...
«Түрлі тағдыр тоғысқан поэзия кеші» Шымкентте зағип жандарға арналған арнайы кітапханада «Күз бен Біз» атты поэзиялық кеш өтті. Күздің қоңыр...
Шымкенттің дене шынықтыру және спорт саласына биыл бюджеттен 22 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға баса мән...
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.