Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев Кентау қаласындағы Қарашық елді мекеніндегі «Тұран» шаруа қожалығындағы мақта теру науқанымен танысты. Кооперативте тамшылатып суғару технологиясымен мақта және мақта талшығы өнімдері өндіріледі. Яғни шаруашылық ғылыми негізді ұштастыра отырып шитті мақтаның жаңа сорттарын шығаруды қолға алған. Бұл өз кезегінде өнімділік көлемін екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Айталық шаруашылық өсіріп отырған мақтаның «Тұран» атты түрінен гектарына 45 центнерге дейін өнім алуға болады. Биыл облыс бойынша 125,8 мың гектарға мақта дақылы егілсе одан 331 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, жоспарланған көлемнің 90 пайызы немесе 298,7 мың тонна шитті мақта жиналып, түсімділігі гектарынан 24,3 центнерді құрап отыр.
Жалпы жиналған мақтаның 241,8 мың тоннасы яғни 81 пайызы 457 комбайнның қатысумен терілген. Мақта өнімділігі жөнінен Ордабасы (30,2 ц/га), Мақтаарал (25,0 ц/га) аудандары көш бастап тұр. Мақта дақылының егіс көлеміне әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп, яғни өткен жылдан мақта дақылының егіс көлемі 5,4 мың гектарға қысқарту нәтижесінде, шитті мақта бағасы 2019 жылмен салыстырғанда тоннасына 30 мың теңгеден астам ұлғаюуына қол жеткізілді.
Нәтижесінде, 2019 жылы шитті мақтаның орташа бағасы 130 мың теңгені құраса, 2020 жылы 160-165 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өз кезегінде, мақта дақылын өсірумен айналысатын 15 мың агроқұрылымда жұмыспен қамтылып отырған 125 мың адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына оңды ықпал етті. Қазіргі таңда шитті мақтаны қабылдаумен 18 мақта өңдеу зауыттарының 166 қабылдау бекеттері жұмыс істеп тұр. Мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау үшін көктемгі және күзгі дала жұмыстарына нарықтағы бағадан литріне 16-18 теңге арзан бағамен 76,2 мың тонна жанар-жағар май бөлініп босатылған. Сонымен қатар, 79 мың тонна минералды тыңайтқыштардың 1 мың тонна шитті мақта тұқымының 183 мың литр пестицидтердің мақта зиянкестеріне қарсы қолданылатын 207,3 мың дана биоагенттердің 50% шығындары субсидияланып, 30 мың агроқұрылымға мемлекеттік қолдау көрсетілген. Бұдан бөлек, құны 6 млрд.теңге болатын 891 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, 1,2 млрд теңге инвестициялық субсидия төленген.