Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан: Мақтааралда инфрақұрылым жүйелері жаңартылуда
    Агро

    Түркістан: Мақтааралда инфрақұрылым жүйелері жаңартылуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.11.2020730 Views

    Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Түркістан облысының Өңірлік коммнукациялар қызметінде 10 айдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Аудан басшысы алдымен аймақта атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Өңірдің даму көрсеткішіне тоқталып, әлеуметтік-экономикалық өрлеуді ілгерілету жобаларын атап өтті.Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 38,2 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Шаруалар бүгінгі таңда 86,7 мың тонна ақ алтын жинаған. Бақыт Нәсірханұлының айтуынша, диқандары мақта жиын-терімін әлі де жалғастыруда, әзірше орташа өнімділік 25 центнерді құрап отыр. Сонымен қатар, 46,3 мың тонна көкөніс, 304,1 мың тонна бақша өнімдері өндіріліп, оның 80 пайызға жуығы шет мемлекеттерге экспортталды. Одан бөлек, 11,8 мың тонна күріш жиналса, басқада түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары өндірілді.«Үстіміздегі жылы ауданда 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 381,2 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 75 көшеге тас төселді. Қалған 19 көшенің тас төсеу жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ, 16 елді мекенде тозығы жеткен ауыз су жүйелерін қайта құруды қажет етеді. Оның ішінде 6 ауыз су нысанының құрылысына бюджеттен 726,3 млн. теңге бөлініп, 3 нысан пайдалануға берілді. Мақтаарал ауданындағы 69 елді мекеннің 36-ы табиғи газбен қамтылған», — деді аудан басшысы.Ауданда абаттандыру жұмыстарына да үлкен мән берілген. Мәселен, ұзындығы 22,05 шақырымды құрайтын 18 көшеге 689 дана жарық шамдарын орнату, 3,4 шақырымды құрайтын 2 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айында орын алған техногенді апатқа байланысты Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағынауданға инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 3,7 млрд. теңге қаржы қаралып, қарқынмен жұмыстар атқарылуда.Негізінен өңірде 10 536 бірлік кәсіпкерлік субъектілері бар. Жалпы шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында Мақтаарал ауданында инвестиция көлемі 6,7 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, 2021 жылы Қазақстан және Түркия елдері бірлесіп жіп шығаратын фабриканы іске қосуды жоспарлап отыр. Мақтааралдық кәсіпкерлер ресейлік өкілдермен бірлесіп мақта майын шығаратын зауыт, германиялық кәсіпкерлермен жеміс-жидек мармеладтарын өндіру жобасын бірлесіп іске асыру көзделуде.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.