Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Коммуналдық пәтер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді
    Айғақ MEDIA

    Коммуналдық пәтер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.11.2020644 Views

    Түркістан қаласындағы көпқабатты коммуналдық пәтерлерде заңсыз және мекен-жай тіркелімінсіз тұрып жатқан және құйылмалы газ баллон пайдаланушылар, коммуналдық пәтерлердің жалдау ақысын уақытылы төлеу, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, терезе, балкондарда темір торларды дұрыс орнату бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Түркістан қаласы әкімінің өкімімен және «Тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй қатынастары бөлімі» бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстарға қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы, «ОҚО үйлерді басқару» (КСК), жергілікті баспасөз өкілдері және басқа да сала мамандары жұмысшы топтың құрамына енген.

    Аралау барысында, тұрғындарға ескертпе қағаздар мен Төтенше жағдайлар Басқармасы тарапынан жадынамалар таратылды. Мамандардың айтуынша, егерде жалға беру фактісі орын алса ескерту беріліп, мемлекет меншігіндегі үйді қайтару үшін бөлім тарапынан сотқа келісімшартты бұзу бойынша талап-арыз жолданады. Рейд аясында пәтерінде заңсыз және мекен-жай тіркелімінсіз азаматтар ұстап отырғаны үшін және пәтерде газ баллонын пайдаланған азаматтар белгілі болып, ескерту берілді. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында аталған жұмыстар апта сайын жүйелі жүріп отырмақ.

    Қала тұрғындарына газ баллондарын қолдану қауіпін ескеруді және өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласуға болатынын еске саламыз.

    Ал, тұрғын үйлерге байланысты заңбұзушылық фактісі орын алған жағдайда «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне» 8 (72533) 41740, 87011486000 хабарласуыңызға болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.