Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте білім нысандарының құрылысы аяқталуға жақын
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте білім нысандарының құрылысы аяқталуға жақын

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2020694 Views

    Шымкент қаласында жыл соңында бірқатар білім нысандарында құрылыс жұмыстары аяқталады. Осы орайда бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылыс барысын аралап, жұмыстың сапалы орындалуын бақылады.

    Қала әкімі алдымен қосымша құрылысы жүргізіліп жатқан білім нысандарында болды. Бүгінде Тұрсынбаев көшесіндегі № 84 мектептің қосымша құрылысы «Ақ ордасы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер компания құрылысты 25 желтоқсанда аяқтауды жоспарлауда. Бүгінде жер жұмыстары мен іргетасын құю толық аяқталған, плита жабыны 70%, қабырға жұмыстары 90% орындалып отыр. Қосымша ғимаратта 100 орындық асхана құрлысы да жүріп жатыр. Осыған дейін бұл мектепте асхана болмаған болатын.

    Бас мердігер «Өмірзақ» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан № 17 мектептің қосымша құрылысы наурыз айында басталған. Нысан құрылысы жыл соңына дейін ақталады деп күтілуде. Айта өту керек, №17 және 84 мектептің құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылуда.

    Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Бекет батыр – Тәшенов көшесінің қиылысында орналасқан өнер мектебінің құрылысымен танысты. Құрылысқа жауапты бас мердігер мекеме – «РСУ – 1» ЖШС-і. Негізгі ғимараттың жұмыстары және ішкі сылақ жұмыстары толық 100% біткен, ал абаттандыру жұмыстары 90% орындалды. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

    Жалпы Шымкент қаласы бойынша жыл соңына дейін жалпы 5100 орындық 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 1200 орындық 2 мектеп, 300 орындық 2 мектеп ел игілігіне берілді.

    Қараша – желтоқсан аралығында қосымша әрқайсысы 300 орындық №17, 63, 84 мектеп және бір өнер мектебін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.