Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Президенттік клиниканың роботты хирургия орталығында жануарларды қолдана отырып лапароскопия бойынша алғашқы оқу циклі өткізілді
    Айғақ MEDIA

    Президенттік клиниканың роботты хирургия орталығында жануарларды қолдана отырып лапароскопия бойынша алғашқы оқу циклі өткізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2020589 Views

    Президенттік клиниканың роботтандырылған хирургия орталығы 2018 жылы ашылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Бұл үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицинаға роботтандыруды енгізу мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Осындай орталықтың ашылуы отандық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды оқиға болып табылады. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді«.

     

    Робот-ассисттелген хирургия — бұл ең алдымен, жақсы визуализация және қозғалыстардың жоғары дәлдігінің арқасында, пациенттің қауіпсіздігі. Президенттік клиникада роботтандырылған хирургияны енгізу үшін хирургтер мен медбикелер тобы Милан қаласында арнайы оқыту циклынан өтті. Роботтандырылған хирургия орталығы ашылған сәттен бастап осы қондырғыны пайдалана отырып, жалпы хирургия, гинекология және урология саласында 250-ден астам операция жасалды.

     

    «Қазақстандағы Робот-ассисттелген хирургияның дамуындағы келесі кезеңі — бұл роботтандырылған технологияның трансфері және тәжірибе алмасу. Осы 2 жыл ішінде роботтандырылған хирургия орталығын дамытуға орасан зор еңбек жұмсалды, бүгін біз өз тәжірибеміз бен білімімізді әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз – біз жануарларды пайдалана отырып, лапароскопия бойынша оқыту циклін бастаймыз», — деп бөлісті Президенттік клиника директоры Валерий Бенберин.

     

    Лапароскопиялық хирургияны оқыту бағдарламасы Президенттік клиникада жасалып, бекітілді. Бір апталық немесе 54 сағаттық оқу циклі теориялық дәріс материалдарын, сондай-ақ практикалық жұмыстардың 2 түрін қамтиды: симуляторда және жануарды пайдаланатын «вет» зертханасында.

     

     

    «Бұрын Қазақстанда аз инвазивті хирургия бойынша практикалық білім беру курстарында жануарлардың  пайдаланылмағанын атап өту маңызды. Бүгін біз хирургтарға адамға операция жасамас бұрын жануардағы хирургиялық процестің 100% көшірмесін модельдеуді ұсынамыз. Лапароскопия бойынша оқытудың бұл кезеңі Робот-ассисттелген технологияны игерудегі алғашқы қадам болып табылады», — деді Президенттік клиника директоры Валерий Бенберин.

     

    Президенттік клиниканың Баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.