КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ
Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...
Орталықта алдағы уақытта магнитті терапия және басқа да медициналық аппараттармен толықтыру жоспарланған. Емхана базасында сонымен қатар вирусологиялық зертханасы үздіксіз жұмыс істейді. Мұнда Түркістан облысының Отырар, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау, Түркістан қалаларындағы емдеу мекемелерінен алынған ПТР сынамаларына талдау жасалады. Нәтижелері орталықтандырылған жүйе арқылы азаматтардың жеке мәлімет жүйесіне енгізіледі.
Облыс аумағында жүргізіліп жатқан коронавирус инфекциясымен күрес жұмыстары БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры аясында кеңінен таныстырылды.
«Коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқыны басталған жағдайда емханалардың қызметі қалыпты жағдайда жалғаса береді. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәрігерлер тұрғындарды алдын-ала жазылу бойынша қабылдайды. Ал, Covid-19 белгілері бар науқастар бөлек есік арқылы сүзгі бөліміне кіргізіліп, бөлек кабинетте тексеріледі. Вирус анықталған жағдайда амбулаториялық бақылау және емдеу жүргізіледі. Облыстағы барлық медициналық ұйымдарда індетпен күрес жұмыстары барынша күшейтілген»,-дейді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев.
Баспасөз туры барысында Түркістан қалалық ауруханасының да індетпен күреске дайындық жұмыстары таныстырылды. Коронавирустық инфекцияның бірінші толқынында ауруханада 300-ден астам қызметкер жұмылдырылған болатын. Емдеу мекемесінде 320 төсек-орындық провизорлық стационар қарастырылған. Қосымша 50 орындық инфекциялық бөлім ашу жоспарланған. Аурухана 81 оттегі тарату көзі, 16 дана өкпені жасанды желдету аппараты, 70 дана оттегі концентраты мен 70 пульсоксиметрмен толықты. Емдеу мекемесінде стационарлық оттегі станциясы орнатылып, 2 айлық дәрі-дәрмек қоры және дезинфекциялық заттармен, жеке қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілген.Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...
Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...
ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...
Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...
Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.