Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан: Ветеринариялық білім беру және қызмет көрсету орталығы ашылды
    Агро

    Түркістан: Ветеринариялық білім беру және қызмет көрсету орталығы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.10.2020570 Views

    Түркістандық фермерлерге ветеринария саласындағы заманауи технологиялар мен инновацияларға қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС базасында бірегей жоба «Ветеринариялық білім беру және қызмет көрсету орталығы» іске қосылды. Жобаны Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Dairy Global Experts» украиналық сарапшылық компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.
    Орталықты құрудың негізгі мақсаты – сүт өндірісі саласында инновацияларды енгізу және еуропалық деңгейдегі тиімді бірыңғай ветеринариялық сервисті құру, тұқымдық түрлендіру және бірыңғай жем-шөп базасын құру.
    «Сүт бағытындағы қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін «бір терезеде» шетелдік мамандардан ветеринария саласындағы өз агроқұзыреттерін арттырып, оны тәжрибеде қолдануға бірегей мүмкіндік пайда болды. Қазір біздің алдымызда сүт өнімділігін және кәсіпорынның табыстылығын арттыру міндеті тұр» — деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.
    Айта кетейік, бүгінде мұндай орталықтар Ақмола облысында жұмыс істеуде. Өз кезегінде, «Гормолзавод» ЖШС директоры, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Асен Жақсылықов Ақмола облысындағы орталық жұмысының тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, орталықтың жұмысы жақын маңдағы сүт фермаларына заманауи деңгейдегі ветеринарлық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
    Ветеринариялық жұмыстардың барлық циклын оқытуды және жүргізуді «Dairy Global Experts» компаниясының сарапшылары жүзеге асырады. Бұл көпжылдық тәжірибесі бар, жыл сайын АҚШ, Германия, Польша, Канада, Израильде біліктілігін арттырудан, тағылымдамадан өткен мамандар.
    Алдағы уақытта облысты толық қамту үшін басқа аудандарда да осындай орталықтар ашу жоспарлануда, бұл фермерлерге өздерінің агроқұзыреттерін арттыруға және ветеринариялық қызметтердің барлық спектрін алуға мүмкіндік береді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.