Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан қаласы «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» арқылы жасыл қалаға айналады
    Агро

    Түркістан қаласы «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» арқылы жасыл қалаға айналады

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.10.20201 041 Views

    Түркістан қаласында жасыл белдеу қалыптастыру мақсатында биыл 2400 гектар жерді игеру жоспарланып, жыл басынан бері қала маңындағы 1234 гектар жерге 769 мың түп көшет егілді. Сондай-ақ, жасыл белдеуді қажетті көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында құрылған 300 гектар орман тұқымбағына 1 миллионнан аса түрлі көшет отырғызылды. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Данияр Сейітов мәлімдеді.Негізінен Түркістан қаласының Бас жоспарының жобасына сәйкес, қала айналасынан 7700 гектар аумаққа жасыл белдеу құру жоспарланған болатын. 2019 жылы 2300 гектар жер игеріліп, 1 млн-нан астам көшет отырғызылды. Қазіргі таңда қаланы жасыл аймаққа айналдыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.«Түркістан қаласы — жазы ыстық, табиғаты құрғақ аймаққа жатады. Сондықтан, көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аудару керек. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін жоспардағы 2400 гектардың қалған 1166 гектарына 1 миллионнан астам әртүрлі көшет егу жұмыстары жүргізілуде. Өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында орман қоры жерлері мен елді мекендерде және Түркістан қаласының айналасында көшет еу, көгалдандыру жұмыстары, оларды қарау, браконьерлікпен күресу жұмыстары қатаң бақылауға алынып, жалғаса бермек» — деді Данияр Асқарұлы.

    Айта кетерлігі, мемлекеттік орман қоры жерлерінде браконьерлікті болдырмау мақсатында орман күзеті қызметкерлерімен 993 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 355 заң бұзушылық фактілері анықталды.

    Заң бұзушыларға 4 млн 629,4 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 4 млн 604 мың теңгесі өндірілген. Бұдан өзге, биыл облыс аумағында жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының саны 134, ал аңшылық алқаптардың саны 28-ге жетті. Бүгінгі күні табиғат пайдаланушыларына 23 су айдыны мен 25 аңшылық алқап бекітіліп берілді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.