ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...
Шараға ІІМ қызметі мен полицияның аумақтық департаменттерінің басшылары және еліміздің барлық аймақтарының учаскелік инспекторлары қатысты.
Президент коронавирус пандемиясы кезінде уақытпен санаспай өз міндеттерін абыроймен атқарған ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді.
– Мемлекеттің тұрақтылығын және қоғамның береке-бірлігін сақтау – басты міндет. Осындай сәтте полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне, отаншылдық рухына, қажыр-қайратына көп нәрсе байланысты. Мұны ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері жете түсінеді деп ойлаймын, – деді Президент.
Президент ішкі істер органдары мен азаматтардың өзара қарым-қатынасында қызмет көрсету моделін енгізу маңызды екенін, оған «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын негізге алу керектігін атап өтті.
– Учаскелік инспектор – белгілі бір аумақтағы қылмысты болдырмауда, жергілікті халықтың мәселелерін шешуде, қылмыстың тікелей немесе жанамама түрде алдын алуда, азаматтардың өмір сапасын арттыруда басты тұлға саналады. Халықпен ашық диалог жүргізу керек. Олардың жергілікті полициядан не күтетінін біліп, көмек керек кезінде қастарынан табылуы қажет. Отандастарымыздың сеніміне басқаша ие болу мүмкін емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
– Қазір полиция тікелей өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстармен айналысатын уақыт емес. Бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. ІІМ-нің құрамынан төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет бөлінді. Ішкі істер органдары құрылымдарын одан әрі оңтайландыру жұмыстары Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жөніндегі комиссияның шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бірақ бұл полицияның қызметін әлсірету деген сөз емес. ІІМ және оның құрылымдық бөлімшелері тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің негізгі тірек күші болған және солай бола береді, – деді Президент.
Мемлекет басшысы кадр саясатына баса мән берді. Ол полиция қызметін жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында ведомстволық оқыту мекемелері қайта ұйымдастырылып, қызметкерлерді іріктеу жұмысы жетілдірілгенін атап өтті.
Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...
1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...
Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...
Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....
Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...
Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.