Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандық кәсіпкерлер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шарапатын көруде
    Айғақ MEDIA

    Түркістандық кәсіпкерлер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шарапатын көруде

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.10.20201 118 Views

    Түркістан облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 24 млрд 66,9 млн. теңгеге 259 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, құжаттары қаралып жатқан жалпы құны 48 млрд 413,8 млн. теңге болатын 451 жоба бар. Бұл туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

    Бағдарлама негізгі мақсаты — нарықты отандық тауарлармен толықтыру. Жоба бизнес өкілдерінің пікірі ескеріле отырып уақыт талабына сай жетілдіріліп, қызметтің жаңа бағыттарымен толықтырылып келеді. Бүгінде дағдарысқа қарсы шаралар аясында өзгерістердің алтыншы пакеті қабылданып отыр.
    Атап айтқанда, бағдарламаның қолданылу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарымен қатар, оған егін жинау жұмыстары да қосылды. Үшінші өзгеріс – бұл тек қана өз қаражаты есебінен және 200 млрд. теңгеден аспайтын сомаға Мемлекетттік комиссияның ұсынымы негізінде ғана инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыра отырып, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ операторы ретінде қосылуы.
    «Әрине, осы пакеттегі бизнес үшін маңызды өзгерістердің бірі ретінде Даму кепілдіктерін қарау және беру мерзімдерін 25 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын айтуға болады. Одан бөлек, екінші деңгейдегі банктердің кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге шектеліп отыр. Сондай-ақ, соңғы өзгерістердің қатарында-кәсіпкерлердің Агро өнеркәсіп кешенін өндіру мен қайта өңдеудегі қарапайым заттар экономикасының жобалары бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кепілдігін алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, жаңа 9 экономикалық қызметтің жалпы классификаторы және 5 тауар номенклатурасы қосылуы. Менің ойымша, бұл өзгерістер біздің кәсіпкерлерге осы несиелеу механизмін белсенді түрде қолдануға және несиелік қаражат есебінен мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді», – деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.
    Айта кетейік, бағдарламаға бизнесті кеңейтуге немесе қызметтің жаңа бағытын ашуға ниетті кәсіпкерлер қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын несиелендірудің барлық мәселелері бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8(71533) 5-98-98, 8-708-753-65-35 жобаларды қолдау бөлімі.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.