Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Тоқаев солтүстікке қоныс аударатындардың жәрдемақысын екі есе арттыруды тапсырды
    Айғақ MEDIA

    Тоқаев солтүстікке қоныс аударатындардың жәрдемақысын екі есе арттыруды тапсырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2020455 Views

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке — ел ішіндегі миграцияның тиімділігін атап, көшетін отбасыларға берілетін жәрдемақыны 70 АЕК-ке дейін көбейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыра түсу қажет. Бұл ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіруге қатысты. Осы мәселеге Ұлттық кеңесте бірнеше рет көтерілді. Оны кешенді түрде шешу үшін:

    біріншіден, электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай ақпараттық ресурс: enbek.kz құру керек. Көшіп барушылар мемлекеттің көрсететін қолдауы жөніндегі барлық ақпаратты тікелей әрі жедел алу қажет;

    екіншіден, қазіргі көшуге қатысты мәселелерді оңайлатқан жөн. Мемлекет мигранттарға барынша қолайлы жағдай жасауға тиіс. Жақында мен жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болдым. Бұл өңір демографиялық өсімі ең баяу аймақтың бірі болғанымен, қоныс аударушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Аймақта көшіп келушілерге арналған жаңа тұрғын үйлер салынуда. Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылым дамып, әртүрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

    Мигранттарды ынталандыратын қосымша шара ретінде оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есеге, яғни 35 АЕК-тен 70-ке дейін көбейткен жөн деп санаймын. Үкіметке бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

    Еске салайық, жалпы былтыр Солтүстік Қазақстан облысына Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 мыңнан аса адам қоныс аударған. Олардың бәрі баспаналы болып, отбасы мүшелері жәрдемақы алды.

    Солтүстік аймаққа 2017-2019 жылдары 5 119 отбасы немесе 18 379 адам, оның ішінде 2019 жылдың 10 айында 2 266 отбасы немесе 8 168 адам қоныс аударды. Көшіп келгендердің жалпы саны 3 037 отбасы — еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар болса, 2 082 отбасы — шетелден көшіп келген оралмандар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.