Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстанның туризм саласындағы білікті мамандары Түркістанда бас қосты
    Айғақ MEDIA

    Қазақстанның туризм саласындағы білікті мамандары Түркістанда бас қосты

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.20201 133 Views

    Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Облыстық туризм басқармасының  ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, өзге облыстардың әкімдіктерімен туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Аталған шараға ҚР Туризм индустриясы комитеті және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басшылары, еліміздің өзге облыстарының салалық басқармалары мен туризм ассоциациясы өкілдері арнайы қатысты.

    Іс-шара барысында Түркістан облысы бойынша, оның ішінде Түркістан қаласында салынып жатқан жаңа нысандарға, Отырар, Бәйдібек аудандарының туристік нысандарына ақпараттық тур ұйымдастырылды.

    Сондай-ақ, семинар-кеңес аясында Шымкент, Алматы қалаларымен және Алматы, Қызылорда облыстарымен, сонымен  қатар «Kazakh Tourism»ҰК» АҚ-мен туризм саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Жиынға қатысушылар туризм — Түркістан облысы экономикасының басым салаларының бірі екенін айтты. Әсіресе, бірегей сәулет-тарихи және археологиялық ескерткіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар өңіріміз өңірлік және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие екенін баяндалды.Айта кетейік, қазіргі таңда мемлекет тарапынан тек қаланың ғана емес, жалпы облыстың дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Инфрақұрылымды жаңғырту аясында жұмыстар белсенді жүргізіліп, жаңа инвестициялар тартылуда. Одан бөлек, Түркістан қаласын Түркі әлемінің мәдени және рухани астанасы ретінде Орталық Азиядағы Халықаралық туризм мен зиярат ету орталығы ретінде дамыту — бүгінгі таңда туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының біріне айналды және осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсету туризмді тұрақты дамытудың алғышарты болып отыр.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.