Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: «Халық алғысы» медалі табысталды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: «Халық алғысы» медалі табысталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.10.2020455 Views
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 412 Жарлығымен коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу мақсатында аянбай еңбек еткен отандастарымызға арналған «Халық алғысы» медалі жарияланған болатын.
    Осыған орай, бүгін Түркістан облысында төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, елеулі еңбегімен көзге түскен жандарға «Халық алғысы» медалі табысталды. Олардың арасында Үкіметтік емес ұйым мүшелері, облыстағы БАҚ саласының өкілдері, өнер адамдары мен волонтерлар бар. Марапатты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов табыстап, ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдірді.
    «Сіздер, әлемдік пандемия қыспаққа алғанда алдыңғы шепке шығып, әбігерге түскен халықты қауіптен аман алып қалуға атсалыстыңыздар. Өз бастарын қатерге тігіп, елдің амандығын алдыңғы орынға қойған сіздерді бүгінгі күннің батырлары десек жарасады. Ауру ошақтарына арнайы барып, халықты жәдел әрі шынайы хабарлармен қамтамасыз етуде ақпарат саласы өкілдерінің еңбегі орасан зор болды. Сондай – ақ облыс, қалалар аумағындағы блок бекеттердегі қызметкерлерге қажетті заттарын жеткізіп, ыстық тамақтармен қамтып, карантин уақытында тұрмыстық қиыншылықтарға ұшыраған отбасыларға көмек көрсеткен қоғам белсенділері, еріктілер мен жастар нағыз жанашыр екендіктерін көрсете білді», — деген Сәкен Қалқаманов алдағы уақытта да жұмыла әрекет етуге шақырды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.