Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент жастары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін толықтыруда
    Айғақ MEDIA

    Шымкент жастары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін толықтыруда

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.10.20201 049 Views

    Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінен бірінші команда Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне мерзімді қызмет өткеру үшін аттанды. Өздерінің конституциялық борышын жастар Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының әскери бөлімдерінің бірінде атқарады, — деп хабарлайды Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі 

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев пен Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, подполковник Ринат Мадьяров жас буынның алдында сөз сөйледі. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жастармен әңгімелесу қалалық Департаменттің саптық алаңында өткізілді.

    «Қазір сіздер үшін пойызбен жолда және жайғасқанша, әскери бөлімге жеткенше жақынырақ танысып, бір-біріңізбен ортақ тіл тауып, демеу болу өте маңызды. Әйтпесе, бір-бірден сіз ештеңе үйрене алмайсыз, тек ең жақсы адами қасиеттеріңізді жоғалтасыз», — деді полковник Онбаев.

    Әскерге шақырылушыларды бөлімдерге жіберер алдында коронавирустық инфекцияға тексереді. Сонымен қатар, оларға әскери бөлімге барар жолда бактерияға қарсы заласыздандыру қол гельдері, медициналық қолғаптар мен маскалар берілді.

    Әскерге шақырылушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін неғұрлым толық есепке алу үшін жиналу пунктінде жергілікті әскери басқару органдарының психологтары бірге әскери бөлімдердің офицер-психологтары жұмыс істеуде.

    Әскерге шақырылушылар әскери қызмет атқару орындарына теміржол көлігімен барады. Барлық жол бойында әскерге шақырылушылар тамақпен қамтамасыз етіледі. Қызмет орнына жіберер алдында әскерге шақырылушылар далалық киім нысанымен қамтамасыз етіледі. Қарулы Күштерге жіберілетін болашақ әскери қызметшілерге банк карталары мен несессер беріледі.

    Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін толықтырудың ерекшеліктеріне кейбір әскерге шақырылушылар 6 ай ішінде танк, БТР немесе БМП механик-жүргізушісі, артиллериялық және миномет қаруларының нысанашылары, инженерлік қамтамасыз ету мамандары, байланыс мамандары сияқты әскери мамандықтар бойынша оқу орталықтарында оқудан өтетіндігін жатқызуға болады. Оқу аяқталғаннан кейін олар әскери бөлімдерге мамандар ретінде жіберіледі.

    Кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санатын кеңейту де маңызды жаңалық болып табылады. Енді кейінге қалдыру қосымша: оқытушыларға, олардың бүкіл жұмыс кезеңіне; сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқудан өтіп жатқан азаматтарға берілетін болады.

    Биыл Шымкенттен әскери қызметке 1500-ге жуық азаматты жіберу жоспарланып отыр.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.