Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Асхат Аймағамбетов: Жалақыны көбейту – Президент міндеттеген тапсырма
    Айғақ MEDIA

    Асхат Аймағамбетов: Жалақыны көбейту – Президент міндеттеген тапсырма

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.10.2020662 Views

    Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіру – ректор немесе министрліктің емес, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында жүзеге асты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты.«Біз мониторинг жүргіздік. Президент тапсырмасын қай жоғары оқу орны қандай деңгейде, сапалы немесе сапасыз орындағанын көріп отырмыз. Ең бастысы – жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеру – ректор немесе министрліктің емес, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында жүзеге асты. ҰҚСК отырысының хаттамасы бойынша гранттар құны ұлғайтылғанын білесіздер. Бұл мемлекет басшысының үлкен қолдауы екенін түсіну қажет», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

    Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқытушылардың жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, одан бөлек педагогтердің жалақысы, докторанттар мен болашақ педагогтердің стипендиясы ұлғайды.

    «Стипендия бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Егер педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер өткен жылы осы уақытта 20 мың теңге көлемінде стипендия алса, қазір ай сайын 42 мың теңге алып отыр. Сондай-ақ сабағын жақсы оқып жатқан үздіктердің стипендиясы 48 мың теңге болды. Демек, бір жылда стипендия 2 есе өсті. Бұл да Мемлекет басшысының ұстанымының және оның тапсырмасының арқасында жүзеге асып отыр», – деп атап өтті министр.

    ҚР БҒМ Баспасөз қызмет

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.