«Оңтүстік» медицина қызметкерлері Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пандемия кезінде көз жұмған медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, «Дәрігерлер аллеясындағы» тақтайшаларға гүл шоқтары қойылды. Шараға «Оңтүстік» медицина қызметкерлері Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Икрам Төлеев, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, медицина қызметкерлерінің туыстары қатысты.
Шара барысында дертке шалдыққан азаматтарды емдеймін деп жүріп, өздері коронавирус індетінен көз жұмған медицина қызметкерлерінің туыстарына арнайы төсбелгілер табысталды. Шымкент қаласы және Түркістан облысынан коронавирустан 50-ден астам медицина қызметкері мерт болған.