Биылғы жылдың 8 айында Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарда МӘМС пакетінде көрсетілген қызметтерге 16,9 млрд теңге төленді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мәлімет берді.
Жалпы, еліміз бойынша 351,2 млрд теңге жарналар мен аударымдар түсті. Оның ішінде, мемлекеттің жарналары 197,2 млрд теңгені, жұмыс берушілердің аударымдары – 100,9 млрд теңгені, 50,8 млрд теңгені қызметкерлер, ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдар, дербес төлеушілердің, БЖТ жарналары — 2,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша жұмыс берушілер тарапынан 4,3 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер 2,4 млрд теңге, 260 млн теңге БЖТ төленді.
Айта кетерлігі, МӘМС үшін төленген жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі. Мұнан соң, қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтердің ақысына төленеді.
«Қазіргі уақытта елімізде емханаларға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Науқан барысында медициналық ұйымдарда тіркелген тұрғындарға байланысты келесі жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Осыған орай, Қор үшін әрбір тұрғынның емханаға тіркелгені жөн. Өйткені Қор әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметке байланысты қаржы бөлетін болады», — деді, Қор филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.
Қаңтар — тамыз аралығында шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 4,9 млрд теңгеден астам және ауылдағы стационарлар қызметі үшін- 3,5 млрд теңгені құрады. Ал, 8 айда жоспарлы түрде стационарларда 72 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 5,9 млрд теңге төленді. Айта кету керек, КТ және МРТ қызметтеріне пациенттер тарапынан сұраныс артып келеді. Күні бүгінге дейін пациенттерге КТ және МРТ 1 640-тан астам қызмет көрсетілді.
Қор филиалы халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсеткені үшін 38 млн теңгеден астам қаржы төледі. Аталмыш қызметтерді 19 адам алды. Сонымен қатар, стационарды алмастыратын көмекке 748 млн теңге төленді. Мұнан бөлек, 103 мыңнан астам көрсетілген стоматологиялық қызмет үшін 300,4 млн теңге төленді. Инфаркт, инсульттан соң, 4494 мыңға жуық пациентке медициналық оңалту шаралары көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. Ағымдағы жылдың 1 тамызында медициналық ұйымдарда жоспарлы медициналық көмек жұмысын бастады. Сондықтан тамыз-қыркүйек айларында МӘМС пакетінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуында өсім байқалады.
ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІ ЕМДЕУДЕГІ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шымкентке Моңғолиядан дәрігер-онкологтар келді. Тәжірибелі хирургтардың қатысуымен ауыр дертке шалдыққан науқастарға ота жасалып жатыр. Осылайша жергілікті мамандар бауырдағы қатерлі ісікті...