Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалады
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалады

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.10.2020608 Views

    Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалатын болды.

    Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде.

    Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов мәлімдеді.Оның айтуынша, қалада 856 спорттық нысан тіркелген. Одан өзге, спорт алаңшаларын салуға 95 жер телімі анықталған. Оның ішінде 9 жер теліміне мемлекеттік акт алынған болса, қалған 86 жер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Жер телімдерін тиімді пайдалану мақсатында Мұрат Әйтенов сала басшысына тапсырмалар жүктеді.— Қаладағы бұқаралық спортты дамытудың концепциясын даярлау қажет. Сонымен қатар, бөлінген 95 жер теліміне салынатын нысандардың арнайы картасын жасау керек. Оның ішінде аудан әкімдерімен бірге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шалғай елдімекендерде де спортты дамытудың жүйесі әзірленсін, — деді қала әкімі.

    Олег Почивалов есеп беру сәтінде 1 қарашадан бастап аллеяларда жаппай спорттық жаттығулар ұйымдастырылатынын жеткізді. Уақыты таңғы 07.30-да және кешкі 18.30-ға белгіленген. Халық көп жиналатын спорт алаңдары ретінде Абай саябағы, Металлургшілер саябағы, Отбасы аллеясы, Қошқар-Ата жағалауы, Тәуелсіздік саябағы, Орталық саябағы, Жеңіс саябағы, Дендросаябақ, Нұрсат шағын ауданындағы аллеясы және Қажымұқан атындағы Орталық стадион таңдалған.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.