Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 2GIS КАРТАСЫНА ЕНГІЗІЛМЕК
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 2GIS КАРТАСЫНА ЕНГІЗІЛМЕК

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.10.20201 608 Views

    Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері, археологиялық кешендері көпшілікке одан әрі оңтайлы, қолжетімді бола түспек.
    Бүгін Шымкентте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова, Шымкент қаласы туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев, «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаров, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларынан хабардар етті, — деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы


    Бүгінде елімізде киелі тарихи орындарды нақтылау «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылуда. Жоба шеңберінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, осы объектілердің инфрақұрылымын дамыту бойынша және QR-кодтар орналастыру жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі меморандум Шымкенттің туристік әлеуетін одан әрі дамытуға зор серпін бермек.
    – Атқарылған жұмыстар нәтижесінде сакралдық және тарихи объектілерге деген қызығушылық артуда. Бүгінгі меморандумның мақсаты да осы – тарихи-мәдени нысандарды халыққа танымал ету, қолжетімділікті арттыру. Жалпы Шымкент қаласында 10-нан астам нысан картаға енгізіледі. Жылдың соңына қарай біз осы бағытта атқарылған жұмыстарды қорытындылаймыз, – деді Жанар Қалиханқызы.
    Брифингте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова мен «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаров ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
    Жалпы, Шымкент қаласында 7 нысан республикалық, 8 нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.