Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Полицейлер мен ұстаздар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
    Айғақ MEDIA

    Полицейлер мен ұстаздар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.10.2020746 Views

    Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум қос тарап арасындағы байланысты нығайтып, бәсекелесе алатын құзыретті мамандарды даярлауға, бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыруға, ПД-і мен білім беру мекемелері арасындағы қалыптасқан қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталады, — деп хабарлайды Полиция кз.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заң саласы мамандарының біразын жұмыспен қамтып отырған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында орналасқан Полиция департаменті өзіндік беделге ие.  Ал Қ.А.Ясауи атындағы университет халықаралық деңгейде. Аталған білім ордасында білімді де білікті мамандар қызмет етіп, білімгерлері республика көлемінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүр.

    Яғни осы меморандум арқылы алдағы уақытта жоғары оқу орнының студенттері Полиция департаментінде тәжірибе жинақтап, бос лауазымдарға орналасуына мүмкіндік болады. Сондықтан ортақ келісімге келіп, достық қарым-қатынаспен түзілген меморандумға облыстық департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов пен университеттің оқу ісі жөніндегі вице президенті Өмірбек Үмбетов қол қойды.

    Шара соңында тараптар  арасында меморандум мен басқа да қарым қатынасты нығайтуға бағытталған және оқу-өндірістік процесс бойынша мәселелер талқыланды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.