Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«NUR OTAN» — ТҮРКІСТАН: 52 ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    «NUR OTAN» — ТҮРКІСТАН: 52 ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.10.20201 093 Views

    Бүгін Түркістан қаласында «Өмір» және «Шипа» жобалары кезекті рет жүзеге асырылды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының пандемияға қарсы жобалары аясында ауруханаларға 31 жасанды тыныс алу аппараты және 200 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қорапшалары жіберілді, — деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.


    Бұған дейін де «Өмір» жобасы бойынша ауруханаларға 21 аппарат, ал «Шипа» арқылы 400 отбасына дәрі-дәрмек тапсырылған болатын. Яғни, партияның үйлестіруімен тапсырылған жасанды тыныс алу аппараттарының саны 52-ге жетіп отыр.
    Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пандемияға қарсы күресте босаңсуға жол жоқ екенін мәлімдеді. Елімізде коронавирус індеті шарықтап, ел қиналған сәтте партия тарапынан «Біз біргеміз» акциясы қолға алынған. Облыста 43 мыңнан астам отбасына азық-түлік берілсе, 34055 отбасына 50 мың теңгеден берілді. Таяуда тағы 4852 отбасына 50 мың теңгеден беріледі деп жоспарланып отыр.


    «Облыстық мәслихат депутаттары, партия мүшелері және өзге де кәсіпкерлердің көмегімен «Өмір» жобасы бойынша 52 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынды. Сонымен бірге «Шипа» жобасы арқылы аз қамтылған 600 отбасы дәрі-дәрмекпен қамтылды. Ел азаматтарына, кәсіпкерлерге, «Jas Otan» жастар қанаты мен «Jas Turkistan» еріктілер клубына алғысымыз мол», – деді Б.Дәулетұлы.
    Жалпы «Өмір» және «Шипа» жобаларына атсалысқан кәсіпкерлер мен «нұротандық» депутаттар тарапынан қаражат жиналды. Солардың қатарындағы Нұралы Әбішов, Мағауия Тұрысбеков, Алмас Салимов, Қайнар Абасов және Жаңабай Ағабеков бастаған бір топ азамат та осы іс-шаға қатысып, лебіздерін білдірді. «Елге көмектесуге әрқашан дайынбыз!», – дейді халық қалаулылары.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.