• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ

13.10.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Экономиканың жай-күйі туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Министр хабарлағандай, қыркүйек айында экономикалық үрдістердің позитивті жаққа өзгеруі байқалды. Көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс қайта белсенді бола бастады. Нақты секторда өсу сақталуда.  «Қыркүйекте өсу көрсеткен салалар саны артып, экономика жандана бастады.

Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 8 айдағы минус 3%-дан қаңтар-қыркүйек айларында минус 2,8%-ға дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды», — деді Р. Дәленов.  Нақты секторда өсу 2,2%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор салаларының көбінде және жекелеген қызмет түрлерінде өсу байқалуда. Олар — құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі. Көлік, сауда, әкімшілік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұру мен тамақтану салаларында төмендеу байқалды. Бұл 9 айдың көрсеткіштері. «Егер қыркүйек айын жеке қарастырсақ, онда қызмет көрсету салаларының көбінде өсудің қалпына келе бастағанын көрсетіп отыр. Өсу факторлары – экспорт, өндіріс, өндіруші емес секторларға тартылған инвестициялар», — деді Р. Дәленов. Бұл ретте, экспорт 8 айда  $31,9 млрд құрап, төлем теңгерімінің оң сальдосын  $8,1 млрд деңгейінде қамтамасыз етті. Дайын және өңделген өнімдердің экспорты ұлғайды.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда автомобиль экспорты 5,7 есе, ферросилиций – 5,4 есе, күнбағыс майы – 86%, темірден жасалған созба сым – 33, титан құймалары – 9,5% өсті.  9 айда өңдеу өнеркәсібінде өсу жалғасты. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 51,6%, фармацевтика – 39,8%, дайын металл бұйымдары – 18,9%, қағаз өнімдері – 15,1% және жеңіл өнеркәсіп – 14,1% өсті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, жалпы экономика бойынша инвестициялар өсуде. Инвестициялар денсаулық сақтауда 85,7%, байланыста – 62,4%, сумен жабдықтауда – 27,4%, тұрғын үй құрылысында – 25,2%, агроөнеркәсіп кешенінде – 15,1%, өңдеуде – 7,3% және көлікте – 5,7% ұлғайды. «Қыркүйекте салалардың көбі өсім көрсетті. Олар ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру, техникалық қызмет, қаржылық қызмет, сауда, көлік және басқалар. Осылайша, қыркүйектің көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады», — деді министр.  Өнеркәсіп бойынша жалпы алғанда өндіріс көлемдері сақталды. Бұл ретте тау кен өндірісі өнеркәсібі 2,2%-ға төмендеді, ал өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ға өсті. Өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өскені байқалады.

Ең жоғары өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы. Өңдеу өнеркәсібінде өнім шығару 3,3%-ға өсті. Өсудің жоғары қарқынын фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, оның ішінде автомобиль жасау және жеңіл өнеркәсіп көрсетіп отыр. Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Ақмола  облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. «Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестиция өсімі байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысы және Шымкент қаласы көрсетіп отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары», — деді министр. Құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,5%-ға өсті.

Жоғары өсу Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады.  9,6 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп. Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай келесідей. 5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар — Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. Сондай-ақ 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей. 3 өңірде 3 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары. Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет.

  1. Инвестициялар. Инвестициялық жобалар бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік бағдарламалар. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Индустрияландыру» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды белсенді іске асыру.
  2. Несиелендіру. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында несиелендіру үшін шағын және орта бизнес жобаларын жедел іріктеу және қарастыру.
  3. Қызмет. Санитарлық нормалар мен маска режимін сақтай отырып, бизнес қызметін қамтамасыз ету.
  4. Бағалар. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлеріне баға мониторингін жүргізу және бағаның өсуін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдау.
  5. Тиімділік. Экономиканы қолдауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді игеру.
    primeminister.kz сайтынан
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.