Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысына 57 190 компьютерлік құрылғы жеткізілді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысына 57 190 компьютерлік құрылғы жеткізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.10.2020259 Views

     Еліміздегі індетке байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан және шектеулі баламен кезекші сыныпта білім алуда. Ал, ата-ананы компьютер мен интернет мәселесі қинайды. Осыған орай, ҚР Білім және Ғылым министрлігі оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындау барысында тиісті шаралар атқаруда. Соның бір дәлелі, Түркістан облысының мектеп оқушыларына қосымша 57 190 компьютерлік құрылғылары жеткізілді.

    Түркістан облысында жалпы білім беретін 912 мектеп жұмыс істейді. Бүгінде облыста 500 мыңнан астам бала білім алуда. Өздеріңізге мәлім, індеттің таралуының алдын алу мақсатында оқушылардың басым бөлігі қашықтықтан оқыту форматына көшкен. Алайда, олардың білім алуын қамтамасыз ету үшін жүргізілген мониторингке сәйкес, облыс бойынша 79 214 балаға компьютерлік техника қажеттігі анықталған болатын. ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан  7 мыңнан астам планшет, 5952 компьютер, 43 527 ноутбук әкелінді. Оның 4000 данасы жаңа оқу жылының басында оқушыларға үлестірілген.

    Қазіргі таңда қабылдау комиссиясы компьютерлік техниканың ахауы бар-жоғын тексеруде. Оның ішінде оқушылар  2 айға арналған «Білім» тарифы қосылған сим-картамен қамтамасыз етілген. Ескерте кетейік, қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында алынатын құрылғылар негізінен аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға таратылады. Техникалардың әр оқушыға жеткізілуін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы жанынан құрылған жетекші топ мүшелері қадағалайды.

    Үкімет резерві қаражатынан берілетін компьютерлік құрылғылар 30 қазанға дейін алынып, оқушыларға үлестірілетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.