Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.10.2020517 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдауси ауылдарын аралап, қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Үй-үйді аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Халықтың көкейіндегі мәселелерін тыңдады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


    «Үй тұрғызуды үйреніп алдық. Енді біз адам жалдап, әуре болмаймыз. Асарлатып там тұрғыздым. Мемлекеттен берілген қаражат толық жетіп жатыр. Мынау тұрған көршім үш баласымен бірге үйді бітіріп қалды. Күн жылы. Ел ағаларына, осында жүрген өзіңізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді Өргебас ауылының тұрғыны Құрақбай Мамырежепов.
    Жалпы көлемі 1256 гектарды құрайтын Өргебас елдімекенінде 209 үй орналасқан. 194 үй толық бұзылып, қайта тұрғызылды. Ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан бөлінген 17 млн. теңге қаражатқа үй салуда. Елдімекенде ауыз су жүйелері жаңартылып, жолдар жөнделіп жатыр. Су шайып кеткен облыстық маңызы бар 10 км автожолдың осы ауылдағы 4,9 шқ құрайтын 4 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 200 орындық жаңа мектеп салынып, ескі мектеп ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, қосымша мектептің жылыту қазандығы қойылып, фельдшерлік-акушерлік бекет салынуда.


    Ал, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елдімекенінде 327 үйдің зардап шеккен 308-і бұзылып, жаңадан бой көтерді. 600 орындық мектеп жөнделіп, жылыту қазандығын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы дәрігерлік амбулатория құрылысында болып, Мырзакенттегі жаңа ықшам ауданды аралады. Жаңадан салынған кәріз жүйесі стансасының жұмысымен танысты. Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендері үшін Жаңадан құрылысы жоспарланған 70 га жер телімін құрайтын жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен бала-бақша, дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр. Мырзакент кентіндегі мөлтек ауданында 398 тұрғын үй бой көтерді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.