Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.10.20204 255 Views

    Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып Жолдықараев Қанат Жарылқапұлы тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

    Қанат Жолдықараев 1971 жылы 6 мамырда Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Төлеби ауданында дүниеге келген. Қ.Мұңайтпасов атындағы Алматының олимпияда резервін даярлайтын №1 училищесін, Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институты мен Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Шымкент қаласындағы мәдениет және денсаулық бөлімінің бас маманы қызметінен бастап, 2000 жылы ОҚО әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің бастығы, 2006 -2008 жылдары ОҚО бокстан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық Олимпиадалық дайындық орталығы директордың орынбасары қызметін атқарған. 2008-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы №1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» МКҚК басшысы, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорттан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» директоры қызметтерін атқарған.

    «Дене шынықтыру мен спортты дамыту және қызметтері үшін», «Қазақстан Республикасының спорттық резервін дайындауға қосқан үлесі үшін», Ұлттық Олимпиада комитетінің «Құрмет белгісімен» марапатталған. «Ауғаныстан ардагерлері» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рақымов медалінің, «Ата түрік» орденінің иегері.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.