Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.10.20201 286 Views

    Қазан айының екінші жексенбісі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың күні болып бекітілген. Халықаралық атаулы күнді атап өту мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына, ар-намысы мен құқықтарын қорғау мәселесіне қоғам назарын аударуға, сондай-ақ, олардың еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді араласуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шапағат» оңалту орталығында болып, мекеменің жұмысымен танысты, — , — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психо-неврологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Өткен жылы ашылған орталық 70 орынға лайықталған. Онда келушілерге барлық жағдай жасалған. Инструктор мамандардың көмегімен дене шынықтыру кабинетінің қызметін пайдалана алады. Арнайы кабинеттерде мүгедектер дәрігер нұсқауы бойынша түрлі ем-дом қабылдайды.

    Мұрат Дүйсенбекұлы мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрдайым қамқорлық көрсететінін, әлеуметтік төлемдердің мөлшері тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтты.

    Жалпы, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 37 мыңға жуық адам есепке алынған.
    Осы санаттағы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл бюджет көздерінен бөлінген қаржыға арнайы құралдардың 55 түрі сатып алынып, арнайы қызметтердің 4 түрі көрсетілуде.

    Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Шымкент қаласына 406 дана электронды қоларба бөлінген. Жыл басынан бері 100 дана электронды қоларба келіп, I, II-топтағы мүгедектерге үлестірілуде. Қалған 306 данасы жыл соңына дейін мұқтаж жандарға таратылады. Бюджеттен қосымша 1 210 серуендік және бөлмелік қол арба алуға келісімшарт түзілген.

    Сонымен қатар Шымкенттегі алты арнаулы әлеуметтік мекеме мүгедектігі бар 1 725 адамға қызмет көрсеткен.

    Атап айтқанда, психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балалар мен психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан азаматтар, І және ІІ-топтағы мүгедектер мен қарттарға стационарлық, жартылай стационарлық режимде және үйде оңалту шаралары жүргізілген.

    Мұнан бөлек мемлекеттік мекемелерге альтернатива ретінде үкіметтік емес ұйымдар да осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.