Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: мүгедектігі бар 1152 адам жұмыспен қамтылды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: мүгедектігі бар 1152 адам жұмыспен қамтылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.10.2020379 Views

    Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Мәжілісте үйлестіру кеңесінің мүшелерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары мен қолжетімді орта құру туралы мәселе қаралды.
    Бүгінгі таңда облыста 94,9 мың мүмкіндігі шектеулі азамат тұратын болса, олардың ішінде 23,4 мыңында тірек-қимыл аппараттары бұзылған, 11,7 мың азаматта ментальды функциялары бұзылған, ал 15,3 мың азаматтың көру және есту қабілеттері жағынан мүгедектер.
    2020 жылдың қаңтар айынан бастап мүгедектердің қызметтерді оңтайлы пайдалануына жағдай жасау мақсатында әлеуметтік қызметтер порталы енгізілген. Портал арқылы мүгедектігі бар тұлғалар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдайтын болады.
    Сонымен қатар, еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен облыста жыл басынан 1152 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылған. Олардың ішінен 332 адам тұрақты жұмыспен,  820 адам уақытша жұмыспен қамтылып отыр.
    Алдағы уақытта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттен бөлінген 4,6 млрд.теңгеге оларды 37 324 көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамту күтілуде.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.