Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»БАТАСЫ БАҚ ҚОНДЫРАР ҚАРИЯЛАР
    Айғақ MEDIA

    БАТАСЫ БАҚ ҚОНДЫРАР ҚАРИЯЛАР

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.10.20201 151 Views
    Бүгін «Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай, сайрамдық ардагер ақсақалдарды, ақ жаулықты әжелерді құттықтау үшін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Серікжан Сейітжанов ауданға арнайы ат басын бұрды.
    Алқалы басқосуда құттықтау сөзін алған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков 1987 жылы «Ардагерлер үйі» балансына өткелі жөндеу көрмеген ғимараттың жайына тоқталды.
    – Әрбір игі істі қазыналы қарияларымыздың батасымен бастайтын үрдісіміз емес пе, осы ауданға қызметке келгенімде Сайрам ауданының ақсақалдары, «Құрметті азаматтары» ардақты әжелер осы «Ардагерлер үйін» жөндеуден өткізіп беруді өтінген болатын. Оны бюджетке қойсақ, кешігетін түрі бар. Содан Сайрам ауданынан Түркістан облыстық мәслихатына сайланған депутат Серікжан Сейітжанұлына хабарласуға тура келді. Ардагерлер атынан жасаған ұсынысымызды құп көріп, 9 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп, демеушілік танытқан Серікжан Сейітжанұлына зор алғыс білдіреміз. Бүгінгі мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын! – деді аудан басшысы.
    Өз кезегінде құттықтау сөзін алған Серікжан Сейтжанов та ақжарма тілегін аямай, қашанғы жомарттығына салып, Түркістан қаласында жаңа жобаларды қолға алғанын және сол жақсыны көруге шақыратынын айтып, ардагерлерді тағы қуантты.
    Ақылдың кені — қариялар салмақты ойын ортаға салып, бүгінгі басқосуға жиналғандарға ақ батасын берді. Ардагер ақсақалдар да қарап қалмай, қазақы салтпен алыстан ат терлетіп келген Серікжан Сейтжанұлына зор құрмет танытып, мерекелік көңіл-күймен шапан жауып шығарып салды.
    Жиын соңында қадірлі қариялар жан сергітер әсем ән тыңдап, дастарханнан дәм татты.
    Айта кетейік, «Ардагерлер үйі» ғимаратының жалпы аумағы 217 шаршы метр. 5 бөлмесі бар және су, жылу жүйесімен толық жабдықталған.
    Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.