2020 жылдың 25 қыркүйек күні «Қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық «KazWaste» және «PlastNet»» қауымдастығының қолдауымен Шымкент қаласы бойынша экология департаменті шағын және орта бизнес субъектілерін тарта отырып, табиғат пайдаланушылармен «түрлі тұрмыстық қалдықтарды жоюдың заманауи әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Жиын барысында қаламыздағы қалдықтарды қайта өңдеу мекемелерінің ұсыныс, талап-арыздары тыңдалып, қаламыздағы бөлек жинауға арналған қоқыс жәшіктерінің санын арттыру қажеттілі атап айтылды.
Кездесу соңында сұрыптап жинау бойынша түсіндірме сабақтары оқытылып, қауымдастық тарапынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.