Өткен тәулікте Қазақстанда 38 адамнан пневмония анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 21 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 32 490, 350 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 057-ге жетті», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 775-ке жетті.