Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.09.20201 023 Views

    Бүгін Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Түркияның Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы және қала әкімі Мұрат Әйтенов құрметті консулдықтың ғимаратын аралап, алдағы жұмысымен танысты. Сондай-ақ, бұл шараға «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, құрметті консул Латипша Асанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент филиалының өкілдері мен түркиялық бизнесмендер де қатысты.

    Кездесу кезінде қала әкімі Мұрат Әйтенов пен түркиялық делегация мүшелері консулдықтың алдағы уақытта атқаратын жұмысы жайлы мағлұмат алды.
    Жаңадан ашылғалы отырған консулдықтың мақсаты — екі ел туризмінің дамуына ықпал ету, кәсіпкерлерге құқықтық кеңес беру, болашақ инвесторларды қаладағы индустриалды аймақтардың мүмкіндіктерімен таныстыру және оларға өнеркәсіп салаларына қатысты толыққанды ақпарат беру.

    Орталықта өткен кездесуде тараптар екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

    —Миллионнан астам халқы бар Шымкенттің дамуында шетелдік инвесторларды тарту айрықша маңызға ие. Осы орайда түркиялық кәсіпкерлер қаламызда құрылыс, медицина, тоқыма өнеркәсібі сияқты салаларда инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыруда. Біз осы байланыстарды одан әрі нығайта түсуге мүдделіміз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

    Өз кезегінде Уфук Экиджи халқы тығыз орналасқан, аумағы кең, климаты жайлы Шымкент бизнес-жобаларды жүзеге асыруға таптырмас қала екенін айтты.

    —Қазақстан мен Түркия — ортақ тарихы мен мәдениеті бар мемлекеттер. Қазақстан қоғамдық келісім мен ынтымақ-бірлікті сақтай білді. Бұған барлық азаматтар мен этностардың теңдігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізді. Екі ел арасында ерекше достық, бауырластық қарым-қатынас қалыптасқан. Біздің  Шымкент шаhарына келуіміздің негізгі себебі — екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту, — деді Уфук Экиджи.

    Кездесудің соңында қала әкімі шымкенттіктер жыл сайын Наурызды алғашқы болып қарсы алатынын айтып, мәртебелі меймандарды келер жылы Ұлыстың Ұлы күнін Шымқалада қарсы алуға шақырды.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.