Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қытайға балық экспорттайтын отандық кәсіпорындар онлайн-тексерістен өтіп жатыр
    Айғақ MEDIA

    Қытайға балық экспорттайтын отандық кәсіпорындар онлайн-тексерістен өтіп жатыр

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.2020307 Views

    Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-ға өнім экспорттауға құқығы бар Қазақстанның екі балық кәсіпорнына алғашқы онлайн ретроспективті тексеру жүргізілгенін хабарлайды.

    «Төре Тоғам» ЖШС (ШҚО) және «Жалғасбаев» ЖК (Түркістан облысы) балық өңдеу кәсіпорына онлайн-тексеруді ҚХР Бас кеден басқармасының сарапшылары мен ҚР АШМ өкілдері жүргізді. Қытай тарапына балық өнімдерін зауыттарға жеткізуден бастап тұтынушыларға жөнелтуге дейінгі барлық технологиялық тізбе көрсетілді. Вирустардың таралуын алдын алу және сапасын бақылау бойынша шараларды сақтауға ерекше назар аударылды.

    ҚХР Бас кеден басқармасы өкілдері қазақстандық кәсіпорындардың Қытайдың балық кәсіпорындарына қойылатын талаптарын және короновирус жағдайында азық-түлік кәсіпорындарына арналған ДДҰ ұсынымдарын сақталуына көз жеткізді.Тексеру нәтижесінде Қытайдың Бас кеден басқармасы ҚХР-ға балық өнімдерін жеткізуді мақұлдады. Бұдан басқа, ынтымақтастықты кеңейту үшін Бас кеден басқармасы мен ҚР АШМ Балық бойынша ветеринарлық хаттамаға қол қоюға келісті. Бұл құжат қазақстандық балық өндірушілерге ҚХР-ға балық өнімдерінің көп түрін экспорттауға жол ашады.Қазіргі уақытта 65 қазақстандық кәсіпорын балық өнімдерін Қытайға экспорттауға құқылы.

    Бұған дейін хабарланғандай, коронавирус пандемиясы жағдайында, кәсіпорындардың шетелдік мамандармен көшпелі инспекциясын жүргізу қиын болған кезде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР Бас кеден басқармасымен инспекцияны қашықтықтан жүргізудің алгоритмін келіскен болатын. Алғашқы онлайн-тексеруден 14 ет өңдеу кәсіпорны өтті.

    Сонымен қатар, қыркүйек айының басында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жеңілдету мүмкіндіктерін қарастырды.

    Қазіргі уақытта ҚР АШМ күшімен барлығы 576 қазақстандық кәсіпорын ҚХР Бас кедендік басқармасының тізіміне енгізілді, бұл оларға АӨК өнімдерін тұтынудың зор әлеуетіне ие Қытай нарығына кедергісіз отандық өнімдерді экспорттау құқығын береді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.