Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.09.20203 140 Views

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызы тағайындалды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Ханзада Әзімханқызы 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
    1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика және мәдениет институтын, 2015 жылы Ресей білім академиясы Өнер және мәдениеттану институтын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы — мәдени-ағарту жұмыстарының маманы-бос уақыт педагогы. Педогогика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілендіру шебері.

    Еңбек жолын 1989 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы комсомол жастар ұйымының тіркеу секторының маманы болып бастаған.

    1990-1991 жылдары «Шымкент шина» зауытында комсомол жастар ұйымы хатшысының орынбасары болған.

    1995-1999 жылдары Шымкент қаласы Оқушылар үйінде балалар мен жасөспірімдер студиясының ұйымдастырушы-педагогы болып жұмыс істеді.

    1999-2000 жылдары Алматы қаласында дарынды балаларға арналған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маман болып еңбек етті.

    2000-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясында шығармашылық насихат бөлімінің меңгерушісі, оқу-өндірістік практика меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары болды.

    2002-2017 жылдары Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебінің директоры болды.

    2012-2017 жылдары Алматы қалалық маслихатының V-VI шақырылымдардағы депутаты болып сайланды.

    2018-2019 жылдары Алматы қалалық мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

    2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау Ұлттық комитетінің төрайымы болып еңбек етіп келген.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.