Өзбекстанның Самарқанд қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорда сайты.
«Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.