Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан: Бәйдібектік шаруа қожалық жылына 250 тонна ет өндіріп отыр
    Агро

    Түркістан: Бәйдібектік шаруа қожалық жылына 250 тонна ет өндіріп отыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.09.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы «Ырысбек-Нұр» шаруа қожалығы 2005 жылы құрылған. Қожалық мал бордақылаумен және егін шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда онда 200 жылқы, 150 сиыр, 1 500 уақ мал бар. Сондай-ақ, қожалық 500 гектар жерге арпа-бидай, жоңышқа егіп, малға жеп-шөп дайындайды. Жалпы 15 адам жұмыс істейді. Қожалық иесі Серікжан Әбдрайымұлының айтуынша, жылына 200-250 тонна ет өндіреді.
    Сонымен қатар, аудан орталығы Шаян ауылында орналасқан «Асқар тау» шаруа қожалығы 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қожалық 4 000 гектарға жуық жерге дәнді дақылдар (бидай, арпа, мақсары) егумен айналысады. Одан бөлек, 60 гектар жерге жоңышқа егіп, мал азығын дайындайды. Шаруашылықта тұрақты 10 адам жұмыспен қамтылған. Маусымдық кезеңде 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Қожалықта аудан егіншілеріне ыңғайлы заманауи электронды 150 тонналық таразы орнатылған. Орылған астықтар сиымдылығы 5 мың тонналық қоймада сақталады. Қазіргі таңда қоймада жоғары сортты қайта өңдеу құрылғысымен тәулігіне 20 тонна астық тазаланып, маусымдық егістікке тұқымдық дайындалуда.
    Сонымен қатар, қожалық иесі Асқар Оразханұлының айтуынша, «Асқар тау» шаруа қожалығы биыл 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен 130 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілімен жылыжай кешенін соғуды қолға алғалы отыр.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.