Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМЫ БИЗНЕС МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ КІРІСТІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМЫ БИЗНЕС МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ КІРІСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.09.2020648 Views

    «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында бизнесмендер кәсіпкерліктің ең өзекті мәселерін көтерді.
    «Ағымдағы жылдың мамыр айында өңірлік кәсіпкерлермен өткен алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша сұрақтар пакеті Премьер-министр деңгейінде көтерілді. Нәтижесінде 84 жүйелік мәселенің 41-і шешілді, қалғандары мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және ЖАО-мен бірлесіп шешу сатысында. Бизнеспен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыратын боламыз», — деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.


    Онлайн кездесуде бірнеше ауқымды мәселелер айтылды. Онлайн байланыс арқылы өткізілген жиынға Төралқа төрағасына өңіріміздің экономикалық жағдайы туралы Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов баяндады. Кездесуде «Қазақ мақта қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Полат Юсупов екінші деңгейлі банктердегі қаражатқа қол жеткізу мәселесін қозғады. Оның айтуынша, ҚР Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақшаны пайдалануға белгіленген 120 млн теңге мөлшеріндегі лимиті — шитті мақтаны дайындау кезеңінде шаруаларға мүлде жеткіліксіз екенін айтты. Өңірлік кеңестің мүшесі, «Байкенже» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Байкенжеев жылыжайларда қолданылатын энергияға тарифтің қымбаттығын жеткізді. Шығындарды азайту үшін жылыжайларды мемлекеттік қолдаудың шұғыл қажеттілігі, сонымен қатар өнімділікті арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігін баяндады.
    Сондай-ақ, Өзбекстаннан шыққан тауарлардың демпингтік және ресми емес айналымы мәселесін «Алтын Адам Тігін Фабрикасы» ЖШС-нің басшысы Балжан Халмуратова көтерді. Ол екі елдің нарықтарында тең бәсекелестікті жүргізу үшін өнімді кедендік рәсімдеу кезінде Өзбекстан тауарларына өзара келісім орнату қажеттігін атап өтті. Бұл шара отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай қолдау көрсетпек. Сонымен қатар, «Қуаныш» ЖШС басшысы Инара Намазбаева қаржыландыруға қолжетімділік мәселесін көтерді. Түркістан қаласында Екінші деңгейлі банктердің толық форматты филиалдарының немесе өкілдіктерінің болмауына байланысты қаржыландыруға қолжетімділік едәуір қиын екендігін баяндады.
    Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер тарапынан айтылған мәселелер Төралқа Төрағасы мен Басқарма Төрағасының бақылауында болады.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.