Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
    Айғақ MEDIA

    Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.09.2020425 Views

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде бұқаралық спортты дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы қатысты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлді. Пандемия кезінде денсаулықты нығайту үшін дәл осы бағытты дамыту маңызды», – деді Ералы Тоғжанов. Бүгінгі таңда ел тұрғындарының 30,6%-ы спортпен және дене шынықтырумен айналысады. Бұл ретте, ел бойынша ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласында (28,5%), Нұр-Сұлтан қаласында (29,2%) және Ақмола облысында (29,8%) байқалып отырғаны айтылды.  Сондай-ақ, жиын барысында бұқаралық спорт түрлерін қаржылай қолдау, халық арасында спортты дәріптеудің нақты қадамдарын әзірлеу, білікті нұсқаушылар және спорт залдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту, жалпы білім беретін мектептердегі спорт залдары мен жабдықтарының тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылады. Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға, оның ішінде Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруші рөлін заңнамалық тұрғыдан күшейту, спортпен айналысатын азаматтардың үлесін арттыру, бұқаралық спортты қаржыландыруды кәсіби клубтарға жұмсалатын шығындарды қысқарту есебінен арттыру, спорт залдары мен мектептердегі жабдықтар тапшылығын шешу туралы нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, өңірлердің әкімдіктеріне дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын ерекше бақылауға алып, оларды 2020 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.

    primeminister.kz сайтынан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.