ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жұмыстың мақсаты — орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабырғалары мен құрылыс материалдарын және Орта Азиядағы теңдессіз жәдігерлердің бірегейі, әрі кірпіштен өрген ең үлкен күмбездің техникалық жағдайын сараптаудан өткізіп, сан ғасырлық нысанның құрылыс жағдайына бақылау жүргізу, табиғаттың тосын әсерлері мен түрлі факторлардан болған кемшіліктерді анықтау, кесенені сақтап қалу.
— «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты тек қазақстандық қана емес ТМД, Орта Азия елдерінің де мамандарын тәжірибеден өткізіп, мамандардың біліктілігімен танылған ұйым. Қазіргі таңда таңдаулы ғалымдар мен мамандар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылыс материалдарының жарамдылығы мен төзімділігін, түрлі ішкі және сыртқы әсерлердің салдарынан зиян келген немесе жұмыс жүргізілуі тиіс аймақтарды анықтап, өз ұсыныстарын даярлайды. Қазіргі анықтауымыз бойынша кесененің іргетасы берік, өз қалпын мықтап сақтап тұр. Бұл бағытта жүргізілген реставрация жұмыстары да өзінің оң нәтижесін бергенін айтуға болады. Ал, құрылыс ғимаратының қабырғалары мен түрлі бөліктерінің
-«Қожа Ахмет Ясауи кесенесін күтіп-сақтау мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді. Былтырғы жылы ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының мамандары да кесененің құрылыс жағдайына талдау жүргізген болатын. Биыл да әлем мұражайларында 1 000-нан астам тарих және мәдениет, ежелгі қолданбалы өнер ескерткіштерін қалпына келтірген белгілі реставратор Қырым Алтынбеков,
Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаевтың айтуынша аталған мамандармен жүргізілген жұмыс жалғаса береді. Алдағы уақытта кесенеге зиянды әсер беретін жер тербелісі, түрлі сілкіністердің көрсеткішін бақылайтын құрылғылар
