Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
    Айғақ MEDIA

    Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.09.2020252 Views

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысының биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Премьер-Министр сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3%-ға, оның ішінде машина жасау – 16,3%-ға,  көлік құрастыру – 51,8%-ға, сондай-ақ фармацевтика –34,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 11%-ға, химия өнеркәсібі – 3,1%-ға және дайын метал өнімдерін шығару – 18,8%-ға өскенін мәлімдеді. 2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында, жалпы сомасы 996 млрд теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға және 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс көлемі – 6,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 6,4%-ға немесе 8,1 млн шаршы метрге артты. Жыл басынан бері 71 мың жаңа үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық. Ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсім 4,9% құрады, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,6%-ға артты.

    Асқар Маминнің айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде әлеуметтік маңызды тауарлар бағасынының артуын 4,4% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе (8,7%) төмен. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 874 мың адам жұмыспен қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 82,1%-дан асады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мен карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін атап өтті.

    primeminister.kz сайтынан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.