Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.2020441 Views

    Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашалығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің  тұсауы кесілді. Ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т. б.   кейіпкерлер туралы сыр шертетін туынды өңірдің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілген баспасөз конференциясы барысында таныстырылды.  

    Конференцияға деректі фильмдердің кейіпкерлері  келестік жыршы, термеші Абылай Бөріханов пен отырарлық тарихи суретші Әділхан Мәлік қатысып, халқымыздың сан ғасырлар бoйы атадан балаға мирас болып жеткен рухани және мәдени құндылықтар туралы сөз өрбітті.

    Жиында, сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Туған жер» бағдарламасына бағытталған Түркістан облысындағы әр ауданның табиғаты мен киелі мекендеріне қысқаша саяхатқа шақыратын «Туған ел» әніне облыс, аудан, қала әншілерінің орындауында  түсірілген  клиптің тұсауы кесілді. Конференцияда белгілі сазгер Бекжігіт Сердәлінің 60 жылдық мерейтойына арнайы дайындалған «Неге, неге» әніне Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Қазақстанның жас әншілерінің қатысуымен түсірілген бейнеклиптің де тұсауы кесілді. Сазгер туындыға оң бағасын беріп, әсем әуеннің жаңа форматта әзірленіп, орындалуына таңқалғанын жасырмады. Жалпы жобаның режиссері Мейіржан Алиакбаров бұл дүниелердің қазақ музыкасын, мәдениетін насихаттауға бағытталғанын, сонымен қатар, «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмдер топтамасы түрік және ағылшын тіліне аударылып, шетелдік телеарналарда көрсетілетінін айтты. Осындай халықаралық жобалардың бірінде ұлы композитор  Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арнайы Венгрия, Башқұртстан, Германия, Бурятия, Қырғызстан, Украина, Ресей, Армения, Болгария, Қазақстан елдерінің өнер шеберлерінің орындауындағы «Қуаныш вальсі» әніне түсірілген клип әлеуметтік желідегі ең көп таралған челендж клип болғандығын жеткізді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.