Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент: қала әкімі спорт нысандарын аралады
    Айғақ MEDIA

    Шымкент: қала әкімі спорт нысандарын аралады

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.2020768 Views

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар спорт нысандарын аралап, ондағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

    Қала әкімі, алдымен, жеңіл атлетикалық спорт кешеніне барды. Аталған нысан 2011 жылы пайдалануға берілген. Жалпы аумағы — 4 946,6 шаршы метр. Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ауданы 3 864,4 шаршы метр жаттығу залы, әрқайсысы 200 метрлік 4 жолақты жүгіру жолы, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін арнайы бөлме бар.Бүгінге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, қазір кешеннің сыртқы қасбеті жаңартылып, ішіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Мұрат Әйтенов жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.

    Шаһар басшысы кейіннен қалалық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Қазір мектептің спорт залы және бассейні күрделі жөндеуден өтуде. Мұнда шәкірттерді спорттың 8 түрінен жарысқа дайындайды. Атап айтқанда, жүзу, ескек есу және каноэ, үшсайыс, бокс, баскетбол, шахмат және семсерлесу өнеріне баулиды. 60 жаттықтырушы 800-ден аса баланы олимпиадаға дайындап жүр.

    Қала әкімі аралау барысында сала басшысына жастар арасындағы спортты дамыту үшін барлық спорт мектептерінің әлеуетін толық пайдалану қажеттігін айтып, нақты тапсырма берді.Айта кетейік, спорт нысандарындағы жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда Шымкентте 856 спорт нысаны бар. Қала спортшылары 2021 жылғы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 4 жолдама ұтып алды.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.