Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Самұрық-қазына» қоры әлеуметтік маңызы бар нысандарды Түркістан облыстық әкімдігіне тапсырды
    Айғақ MEDIA

    «Самұрық-қазына» қоры әлеуметтік маңызы бар нысандарды Түркістан облыстық әкімдігіне тапсырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.2020625 Views

    «Самұрық-Қазына» Қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар Сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.
    Естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы жаңа нысандардың құрылысы 2019 жылдың қазан айында Қор мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында басталған болатын.


    Түркістанға тапсырылған әлеуметтік бес нысан — атқарылған жұмыс нәтижелерінің бірі болып табылады.
    «Жыл басынан бері біз әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысына кірістік. Олардың біріншісі-амфитеатр жыл басында пайдалануға берілді, қалған бесеуін Түркістан облысының әкімдігіне төлеусіз тапсыруға дайынбыз. Құрылыс барысында әкімдік тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді», — деді Ахметжан Есімов.
    Өз кезегінде облыс әкімі өңірдің гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қорға алғыс айтып, Түркістан өлкесінің дамуына қосқан үлесі туралы жаңа меморандумға қол қойды.
    «Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында сіз басқарып отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл — ауқат Қоры облыс орталығындағы еәлеуметтік маңызы бар бес нысанның құрылысын сәтті жүзеге асырды», — деді Өмірзақ Шөкеев.
    Сонымен қатар, Қор өңірде газдандыру, Электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы бірқатар жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Әлеуметтік саланы дамытуға және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
    Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Қор Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Қор Арыс қаласында 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 Денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, Теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы мен орталық алаңды қалпына келтірді.

    «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.