Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Депутат тұрғынды қысқы отынмен қамтамасыз етеді
    Айғақ MEDIA

    Депутат тұрғынды қысқы отынмен қамтамасыз етеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.20201 254 Views

    Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының «Open space» үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Мади Аманжол Данаханұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.

    Алғашқылардың қатарында еркеше қажеттілігі бар баланы асырап отырған ана көмек қолын созуды сұрап келген. 3 баласыда ерекше күтімді қажет еткендіктен, отбасында қаржылық мәселелер көп екенін жасырмады. 2 ай көлемінде жәрдемақыларын ала алмағанын айтады. Қалалық мәслихат депутаты Мади Аманжол бұл мәселенің шешімі табылуы үшін ресми түрде жауапты мекемеге барып, өтініш жазуы керек екенін айтты. Және осы істің анық-қанығын өз бақылауында қарап, шешімін тексеретінін жеткізді.

    Сондай-ақ, жалғызбасты және көпбалалы ана қоғамдық қабылдауға қаржылай көмек сұрап келген. Қазіргі таңда пәтер жалдап тұрғандықтан, қыстың күнгі отын-судың қамы қалтаны қағатынын айтады. Бұл мәселеге Аманжол Данаханұлы өз қалатасынан 3 тонна көмір алып, қамтамасыз етпек.

    Тағы бір азамат қоғамдық қабылдауға онға жуық қала тұрғынының шағымдарын баяндады. Шағымда Фтизопедиатор — дәрігері қала бойынша 2 ауруханада ғана бар екен. Бұл мамандық негізінде өкпе қабынуы мен туберкулез ауруларын емдейтін маман. Мұндай маманның орталық аумақта болуы қажеттігін түсіндіріп, тұрғындар ыңғайлылығы үшін алда жұмыстар жүргізіледі.

    Ерекше қажеттілікті талап ететін бүлдіршіннің анасы жұмысқа орналасуды сұрап келеген. Жұмыс жасап отырған мекемеден босап қалған азамат өзінің жағдайын осылай баяндады. Мади Аманжол мекеме басшысына хабарласып, тұрғынның жағдайын түсіндіріп, қайта жұмысқа қабылдауын сұрады. Жалпы, мекеме басшысы бұл қызметкердің апта бойы еш себепсіз жұмысқа келмеуі, қызметтен босауына себеп болған дейді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.