Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Халықтық топ жылу маусымына дайындық барысымен танысты
    Айғақ TV

    Халықтық топ жылу маусымына дайындық барысымен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.09.2020Updated:04.09.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Бүгін де Халықтық Топ мүшелері таңдалған сала бойынша «Жылу» мекемесіне барып, көпқабатты үйлердің жылу маусымына дайындығы бойынша ақпарат алды. Топ мүшелері барған сәттен қала әкімінің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқан жылу қазандығын сұйық отын түріне өткізу жұмыстарының ортасынан түсті.

         Мекеме басшысы Ерғазы Рысбековтың сөзінше, қазірде құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Мұнда «Asi building» мердігерлік етіп жатқан істе 22 жұмысшы болса, оның 14-і жергілікті тұрғындар. Және олар «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы жұмысқа тіркелген.

    Топ мүшелерін толғандырған сауалдың бірі газ түріндегі қазандық істен шығып қалар болса, тұрғындарға жылуды қалай жеткізетіндігі. Дегенмен, мекеме ол үшін көмір де алынып қойғанын және техникалық қолайсыздық болған тұста, әдеттегіше жылу берілетіндігін айтты.

    Жалпы, бұған дейін бір маусымға 75 көпқабатты үй, 28 бюджеттік және 55 коммерциялық мекеме, 56 жеке үйді жылыту үшін 16000 тонна көмір жағылып, 123 адам қызмет еткен. Қазірде «Отырар» мөлтек ауданында қазандық орнатылса, орталық мешіт жанынан да тағы бірі орнатылуда. Мекеме басшысы, сондықтан қызметкерлер босамай, жұмыс орнын сақтап қалатынын айтуда.

    Жалпы, қазірде Германиядан әкелінген қазандықтар орнатылып, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жарамдығына сай 50 жыл пайдаланылады деп күтілуде. Ал, топ мүшесінің жылудың қандай уақытта берілетіндігі жайлы сауалына, егерде күн суыған сәтте температура үш күн қатарынан 8 градусты көрсетсе жылу беру басталатынын, ал үш күн қатарынан 10 градусты көрсетсе, жылу беру тоқтатылатыны түсіндірілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.