Түркістан қаласынының білім ұялары жаңа оқу жылын 44 324 оқушымен бастайды. Мектеп табалдырығын аттайтын 5172-і 1-сынып оқушысының 4335-і ата-ана өтінішінің негізінде «кезекші сыныптарда» білім алмақ. Аталмыш жұмыстарды қадағалау үшін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Серікбайұлы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясына барды. Жаңа оқу жылындағы 1-сынып оқушыларының жаңа қадамына сәттілік тілеген ол, білім ұясындағы талаптардың орындалуын бақылады, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.
Жалпы, 2020-2021 оқу жылын Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 32 жалпы білім беретін және 1 бастауыш мектеп-балабақша кешені 44 324 оқушымен бастағалы отыр. Ал, 5172 бала 1-сыныпқа қабылданды. Олардың ішінде 4335 оқушы ата-аналарының өтініші негізінде мектептерде ұйымдастырылған «Кезекші сыныптарда» оқытылатын болады.
Биылғы оқу жылының алғашқы тоқсаны 2-11 сынып оқушылары үшін пандемия жағдайына байланысты қашықтықтан оқытылады. Тек 1-сынып оқушылары, оның ішінде ата-аналары өтініш жасаған оқушылар қатаң санитариялық жағдайды сақтай отырып, кезекші сыныптарда оқытылады. Сол себепті, әр сыныпта арақашықтық сақталып, антисептик қойылып, балаларға бетперделер таратылған.