Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шахматтан Қазақстанның алғашқы гроссмейстері Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды
    Айғақ TV

    Шахматтан Қазақстанның алғашқы гроссмейстері Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.08.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шахматтан Қазақстанның алғашқы гроссмейстері Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жариялап, қуанышын оқырмандарымен бөлісті, — деп хабарлайды aigak.kz  тілшісі.

    «Өткен жылы «Президенттік Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысып, менің өмірімде дұрыс қадам жасағандығыма көзім жетті. Ұлттық комиссияның 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі бойынша 300 жас маман-басқарушылар қатарына қабылдандым. Бізді өзгерту агенттері деп атады. Жүйелі реформалардың уақыты келді.
    Құрметті достар, бүгінгі күннен бастап өзімнің кәсіби қызметімді Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымында бастадым. Техникалық және кәсіптік білім беру және балалардың құқықтарын қорғау (қорғаншылық және қамқоршылық) мәселелеріне жетекшілік ететін боламын. Әр жылдары мектепте және университетте шахмат, ағылшын тілінен сабақ бердім. Өзімнің жинақталған тәжірибемді жас талантты шахматшыларға беру үшін шахмат мектебін құрдым. Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру Комитетінің мониторинг, талдау және өңірлік ынтымақтастық басқармасының басшысы лауазымында болып жұмыс істедім.
    Дегенмен, менің қоғамға пайдалы болуға және еліміздің дамуына өзімнің аналитикалық және зияткерлік қабіліттілігімді дұрыс бағытта пайдалануға тырысамын. Алдымызда бірқатар жүйелі міндеттер қойылды, оларды шешу бойынша Сіздермен жедел түрде бөлісетін боламыз. Ел Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы атап өткендей, біздің ортақ мақсатымыз – азаматтардың сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру. Осы мақсатта, құрметті азаматтар, білім басқармасының қызметкерлері Сіздер үшін ашық.
    Құрметпен, Гүлісхан Сайфулинқызы» — делінген ақпаратта.

    Гүлісхан Сайфулинқызы 1991 жылы 20 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген.  Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер (2012 жыл). Қазақстанның жеті дүркін чемпионы. Жасөспірімдер арасында Азияның екі дүркін жеңімпазы (16 және 18 жас). Азияның күміс жүлдегері (20 жасқа дейін). Әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақ қызы (2013 жыл)

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.